• Бүгін
  • 24.01.2022 |
  • :
  • :
Menu

Сарқан ауданында көктемгі тазалық жұмыстары басталды

Сарқан ауданында санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында 15 наурыздан бастап тазалық айлығы жарияланды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Осыған орай, бүгінгі ұйымдастырылған сенбілікке әр мекеме, кәсіпорын ұжымдары өз аулаларын тазартты.

«Биылғы жылы да Сарқан ауданын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру мақсатында 15 наурыз-15 қараша аралығы тазалық айлығы болып жарияланды.

Тазалық айлығының наурыз айынан басталуында терең мән жатыр. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың айы. Халқымызда «Бір тал кессең, он тал ек», «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын», – деген қанатты сөздер бар.

Сондықтан наурыз айынан қала аумағында, еңбек ұжымдарында аулаларды, көшелерді, саябақтарды, алаңдарды, гүлзарларды тазалау, күтіп-баптау, ағаштар отырғызу, жаңа саябақтар мен гүлбақтар жасау – әрбір қала тұрғынының азаматтық парызы.

«Жалпы әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс. Ортақ шаңырағымыз – ауданымыздың тазалығы бұл ретте айлық шаралармен шектеліп қалмауы керек. Әрбір өзін, отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді. Ауданымыздың әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың қала тазалығына қосқан үлесі», – деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Сабитұлы Ғабит.

Бұл орайда, қала тазалығы үшін бірлесіп, бірлікті істі қолға алу – барлық берекенің бастауы деп білеміз.

 

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер