• Бүгін
  • 24.01.2022 |
  • :
  • :
Menu

Карантин талаптарын сақтайық!

Әлемді әбігерге салдырған «COVID-19» індетімен еліміздің күресіп жатқанына да бір жылдан аса уақыт өтті. Осы уақыт аралығында жасалған жүйелі жұмыстардың арқасында індеттің таралуы біршама болса да тежелген еді. Алайда, кейбір азаматтар сақтық шараларына құлақ аспай, карантин талаптарын ескермегендіктен тәж вирусын жұқтырғандардың саны бүгінгі таңда қайтадан күрт өскендігі байқалуда.

Осыған байланысты еліміздің кейбір облыс, қала аумақтарында карантиндік талаптар қайта күшейтілуде.

Соңғы тәулікте Алматы облысы аумағында аурудың өршуіне байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінушілердің қатары артқан.

Бір сәтте, вирусқа шалдығушылар санының өскені, бұқараның қарапайым сақтық шараларын сақтамауынан болып отыр дейді, мамандар.

Бүгінгі күні аудан бойынша жағдай тұрақты. Індеттің таралуын тежеу мақсатында сақтық шараларын күшейту мақсатында арнайы құрылған мониторингтік топ сенбі, жексенбі күндері рейд жасап, карантин талаптардың орындалуын бақылауға алып, тексеріс барысын көбейтті.

Жыл басынан аудан бойынша 60 адам кесел жұқтырған. Оның ішінде 60 тұрғыннан коронавирустың симптомдары анықталды. 53 науқас емделіп шыққса, 7 ем алушы әлі күнге дәрігердің бақылауында.

Өкініштісі сол, індет жас, кәрі деп бөліп жармайды. Ауданда 2 жүкті әйел мен 3 оқушы кесел жұқтырғаны анықталған.

Сақтық шараларының арқасында аудандағы ахуал тұрақты.

Аудан тұрғындарының НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ! Адам көп жиналатын орындарға бармау, бетпердені (маска) дұрыс тағу, карантин талаптарын бұзбау, сондай-ақ, той, жиын, ас басқа да іс шаралар өткізуге тыйым салынған.

 

 

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер