• Бүгін
  • 24.01.2022 |
  • :
  • :
Menu

Ардагерлерді aрдақтайық акциясы

Еріктілер жылы аясында «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» және “Жалын Жүрек” ЖҚБ-гі еріктілерінің ұйымдастыруымен Сарқан қаласында тұратын жалғызбасты егде жастағы ата-апаларымыздың ауласын қардан тазартуға көмек беріп, отын-суына кіргізуге жәрдемдесті.


Бұндай акцияның басты мақсаты жастарды қарттарға құрметпен қарауға, мейлінше сыйлауға тәрбиелеу, сонымен қатар, оларға әркезде қолдау көрсету, жалғызсыратпау, қуаныш сыйлау.


Ауданымызда тұратын 116 жалғыз басты қарияларымызға жастар тарапынан үнемі көмек көрсетіліп тұратындығын айта кеткен жөн.
“Қарты бар елдің – қазынасы бар!” деген қанатты сөзді ұмытпауымыз керек.

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер